RU
Нурмагомедовтың жанкүйерлері Тиматиге қоқан-лоққы көрсетуде
Жаңалықтар Спорт

Нурмагомедовтың жанкүйерлері Тиматиге қоқан-лоққы көрсетуде

Рассказать Вконтакте

Ресейлік танымал әнші әрі продюсер Тимати жақында өткен "Конор-Хабиб" жекпе-жегіне қатысты пікір айтамын деп басы бәлеге қалды. Хабиб Нурмагомедовтың жанкүйерлеріне шоу-бинес өкілінің жеңімпаз жайлы айтқан сөздері ұнамай қалған деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: youtube.com

Фото: youtube.com

Тиматидің Instagram желісіндегі парақшасына Конор Макгрегорды жеңген ресейлік спортшының жанкүйерлері жағымсыз пікірлерін жаудырған.

Олар Хабибтің жеңісін күллі мемлекет емес, белгілі ауданның жеңісіне теңеген әншінің сөздеріне қатты ашуланса керек.

Нурмагомедовтың табынушылары ресейлік әншіге қоқан-лоққы көрсетіп қорқытуда. Оның әрбір суретінің астында балағат сөздерге толы пікірлер қаптаған.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагамедов пен Конор Макгрегордың жекпе-жегі ресейлік спортшының жеңісімен аяқталған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel