RU
Джордж Буш 36 жастағы кенже қызын ұзатты (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Джордж Буш 36 жастағы кенже қызын ұзатты (фото)

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың бұрынғы президенті кіші Джордж Буштың қызы, 36 жастағы Барбара Буш тұрмысқа шықты. Той Мэн штатындағы Кеннебанкпорт өңірінде болған деп хабарлайды Life сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Салтанатты рәсімге жұбайлардың ең жақын адамдары ғана жиналған. Тойдағы қонақтар саны 20-ға жуық болыпты.

Ал қалыңдыққа ақ көйлекті танымал дизайнер Вера Вонг тігіп берген екен.

Барбараның таңдауы 37 жастағы сценарий жазушы Крейг Койнға түскен. Өткен жылы танысқан жұп араға бір жыл салып отбасын құрып отыр.

Ал атастыру рәсімі дәл 1943 жылы кіші Джордж Буштың әке-шешесі қосылған орында болыпты.

Тойда қалыңдыққа оның марқұмы әжесі Барбара Буштың білезігі сыйға тартылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel