Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кристиан Диордың музасы болған әйелдің ұлы күтпеген мәлімдеме жасады

Опубликовано:

люди в кафе
Фото: UGC

Кристиан Диордың ең сүйікті сәнқойы Алла Ильучин қазақтың қызы болған. Бұл ақпаратпен әйгілі дизайнер музасының ұлы Марк де Дюльмен бөлісті деп хабарлайды Франциядағы қазақстандықтар Ассосациясына сілтеме жасаған NUR.KZ.

62 жастағы Марк Де Дюльмен өзінің жеке өмірі мен тегін жасырып келген. Осы сұрақты үнемі қоятын журналистер де ешқашан мардымды жауап алмаған еді.

Алайда жақында Франциядағы қазақстандықтар Ассосациясының басшысы Берлин Иришев пен оның командасына Алла Ильучиннің ұлымен кездесу мүмкіндігі бұйырыпты.

Фото: facebook.com/berlin.irisheff, nur.kz
Фото: facebook.com/berlin.irisheff, nur.kz: UGC

Кездесу Париж ресторандарының бірінде өткен екен. Сонда қазақстандықтар Маркке анасының бейітін тауып алғанын және оған гүл шоқтарын апарғанын жеткізіпті.

Бұған қатты көңілі босаған Марк ешкім күтпеген мәлімдеме жасапты.

"Мен сіздерге өте ризамын. Сіздер менің атама қан жағынан жақын болғандықтан, оның қазақ болғанын білулеріңіз керек", - деді Марк.

Артынша Марк де Дюльмен анасы мен оның жанұясы бастан кешірген ауыр тағдыр туралы сөз етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1756920-kristian-diordy-muzasy-bolgan-jeldi-ly-ktpegen-mlimdeme-zasady/

pixel