RU
Анатолий Шкарупа жаңа Энергетика вице-министрі болып тағайындалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Анатолий Шкарупа жаңа Энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Анатолий Шкарупа жаңа Энергетика вице-министр болып тағайындалды. Ал осыған дейін аталмыш қызметте болған Бақытжан Жақсалиев орнын босатқан деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Анатолий Шкарупа. Фото: karaganda-region.gov.kz

Анатолий Шкарупа. Фото: karaganda-region.gov.kz
Source: UGC

Жаңа вице-министр Алматы облысында 1975 жылы туылған. 1998 жылы ол Алматы энергетика және байланыс институтын "отын-энергетика кешені саласындағы экономика және менеджмент, инженер-экономист" мамандығы бойынша, 2016 жылы — КАЗГЮУ университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Қызмет жолын 1998 жылы "KEGOK" ААҚ-да жетекші маман болып бастап, кейінірек Жоспарлау және экономикалық талдау департаменті директорының орынбасары лауазымына дейін көтерілген.

Анатолий Шкарупа 2005–2013 жылдары Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі ҚР агенттігі құрылымында жұмыс істеді. Электр және жылу энергетикасы саласында реттеу департаменті директоры, Агенттік төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.  

2013–2104 жылдары — "ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ басқарма төрағасы.

2015–2017 жылдары — Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі.

2017 жылғы мамырдан бастап қазіргі таңға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Еске салсақ, Бақытжан Жақсалиев осы жылдың маусым айында тұтқынға алынған. Ол бұрынғы министр орынбасары Ғани Сәдібековпен бірге қызметтік бабын пайдаланып, миллиондаған қаржыны қалтасына басты деп күдіктелуде.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel