RU
Ғалымдар 12 жылдан кейін ғаламдық апат болады деп дабыл қағуда
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ғалымдар 12 жылдан кейін ғаламдық апат болады деп дабыл қағуда

Рассказать Вконтакте

Климаттық өзгерістер жөніндегі сарапшылардың жасаған баяндамасына сәйкес 2030 жылы ғаламшардың экожүйесінде түбегейлі өзгерістер орын алып, ғаламдық апат басталуы мүмкін деп хабарлайды Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com
Source: UGC

2015 жылы жаһандық температураның өсуін 1,5 градус Цельсийде ұстау мақсатымен Париждік келісімге қабылданған болатын. Бұл келісімге 195 ел қол қойған.

Ғалымдардың пікірінше, температураның өсуін бір деңгейді ұстап қана климаттық апатты болдырмауға болады. Тек осылай біз Жер бетіндегі тіршілікті қаз-қалпында сақтап қалуға болады.

Алайда, олар қазір "адамзат біртіндеп үш градусқа жетіп қалды" деп дабыл қағуда.

Температураның өсуін тежеу үшін адам өмірінің барлық саласында ауқымды және теңдессіз өзгерістер енгізілуі тиіс.

Баяндама жасаған ғалымдар мұндай өзгерістерді енгізу қымбатқа түсетінін, дегенмен, әлі де ғаламшарды құтқаруға болатынын айтып өтті.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel