Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экземаны емдеймін деген бойжеткен шашсыз қалды

Опубликовано:

АҚШ-тың Иллинойс штатының тұрғыны Нина Айдин 10 жыл бойы экземаның ауыр түрімен күрескен. Емдік жақпа терінің қатты түлеуіне әкеліп соғып, бойжеткеннің шашы түсіп қалған деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

flytothesky.ru
Көрнекі фото:flytothesky.ru: UGC

Нина стероидты жақпаны 10 жасында жаға бастаған. Дәрі оған экземадан арылуға көмектесуге тиіс еді. Алайда бастапқыда көмектескен дәрі, оны доғарғанда кері әсер еткен.

17 жасқа толғанда бойжеткен жақпаны жақпаймын деп шешкен, сол кезде алғашқы кері әсерлер байқалған. Шашы түсіп, терісінің бәрі қызарып, қыши бастаған.

life.ru
Көрнекі фото:life.ru: UGC

Қыз бала 100-ден астам дәрігерге қаралған. Алайда ешқайсысы нақты диагноз қоя алмаған. Олар оған жақпаны пайдалануды тоқтатпауға кеңес берген.

"Бастапқыда бөртпелер қайтатын. Бірақ кейін басқа жерден пайда болатын. Сондықтан стероидты жақпаны екі есе көп пайдалана бастадым. Нәтижесінде шашымның бәрі түсіп қалды. Денем күйіп қалғандай болды. Жүрмек түгіл қозғала алмай қалдым", - деді Нина.

Оның үстіне қыздың терісінен үздіксіз бір сұйықтық бөлініп тұратын. Сондықтан Нина көшеге шыға алмай қалған. Тіпті төсекті былғамас үшін ұйықтағанда астына 5 сүлгі салып жататын күндері де болған.

life.ru
Көрнекі фото:life.ru: UGC
""Бұлай өмір сүргенше, өлгенім артық" деген күндерім де болды", - деп есіне алады Айдин ханым.

Бұл құпияның сырын Нинаның әкесі ашқан. Ғаламтордан "дәріні қабылдауды тоқтату синдромы" жайында ақпарат тапқан екен. Дерттің шешімі оңай болып шықты. Организм қалпына келуі үшін бар болғаны бірнеше апта күту керек екен. Алайда бойжеткен жақпаны көп мөлшерде пайдаланып, жағдайын ушықтырып отырған.

life.ru
Көрнекі фото:life.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1756942-ekzemany-emdejmin-degen-bojzetken-sassyz-kaldy/

pixel