RU
ШҚО-да зейнеткер дуадан арыламын деп алаяққа 120 мың теңге берген
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да зейнеткер дуадан арыламын деп алаяққа 120 мың теңге берген

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстанда 38 жастағы әйел зейнеткерді белгісіз дуадан емдеу үшін қомақты қаржы алған деп хабарлайды Алтайньюс сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: altaynews.kz

Көрнекі фото: altaynews.kz

Шығыс Қазақстан аумағында өздерін балгер деп атайтын әйелдер көбейген. Жыл басынан бері территорияда сығандар жасаған 18 алаяқтық фактісі тіркеліпті.

Көбіне мұндай әрекеттердің құрбаны жасы келген адамдар болады.

"Олар сөйлесіп отырып, адамда дуа бар екенін айтады. Содан соң соны қайтару үшін "ақша мен құнды заттарды" тазарту қажет екенін жеткізеді. Соңында, адамдар қалайша қолындағы заттарынан айырылып қалғанын білмей қалады", - дейді Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Мекеменің хабарлауынша, жақында алаяқтардың құрығына Предгорное ауылында тұратын 80 жастағы кейуана ілінген. 38 жастағы балгер оны белгісіз дуадан 120 мың теңгеге емдеп берген екен.

Осы мәселеге байланысты полицейлер Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарына абай болуын ескертеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel