RU
Алматыда келесі жылы алты балдық жер сілкінісі болуы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда келесі жылы алты балдық жер сілкінісі болуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Қазақстандағы Халықаралық биофизика академиясының президенті Виктор Инюшин 2019 жылы Алматыда алты балдық жер сілкінісі болуы мүмкін деген болжамын айтуда. Бұл туралы "Астана" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: BNews.kz

Фото: BNews.kz

Маманның айтуынша, бұл жылы алматылықтар уайымсыз күн кешуіне болады.

Алайда келесі жылы айтарлықтай қорқыныш тудыратын табиғи апат болуы мүмкін: 2019 жылы Алматыда алты балға дейін жер сілкінісі орын алады деп болжануда.

Бұл тек қала тұрғындары үшін емес, түрлі ғимараттар мен тұрғын үйлер үшін де үлкен сынақ болмақ.

Қазіргі уақытта барлық ғимараттардың сейсмикаға төзімділігі тексерілуде. Ең алдымен оқу орындары мен медициналық мекемелер жағдайы бақылауға алынған.

Сондай-ақ Оңтүстік астанадағы көпқабатты тұрғынүйлерге де баса назар аударылуда.

Алматы қалалық сәулет және құрылыс басқармасының басшылығы өткен жылы осы мақсатта мемлекеттік қордан 500 миллион теңге бөлінгенін айтты. Ал биыл тағы да 300 миллион теңге қарастырылыпты.

Мамандардың сөзінше, Алматыдағы ғимараттардың көпшілігі сейсмикалық берік деп танылған. Егер ол аталмыш талаптарға сай келмесе, жақын арада қайта қалыпқа келтіру керек дейді олар.

Қазіргі уақытта қаладағы ең сейсмикалық берік ғимарат ретінде 1975 жылы салынған "Қазақстан" қонақүйі танылған екен.

Айта кетейік, Инюшин Индонезиядағы табиғи апатты жер сілкінісіне 20 күн қалғанда болжап берген болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
2
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel