RU
Арбаға таңылған жігіт сүйіктісіне үйлену туралы ерекше ұсыныс жасады (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Арбаға таңылған жігіт сүйіктісіне үйлену туралы ерекше ұсыныс жасады (видео)

Рассказать Вконтакте

Талғарда көлік апатынан кейін төсек тартып қалған жас жігіт өз сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Жарымжан ғашыған қиындықта тастап кетпей, оған барынша қолдау білдіріп жүрген ару оған "иә" деп жауап берді. Талғарлық жұптың бақытты сәтінен түсірілген видео желіге тарап, көптің жылы лебізіне ие болған деп жазады NUR.KZ.

Құралай есімді бойжеткен сүйіктісіне тұрмысқа шығуға өз келісімін берген. Арудың ғашығы көлік апатынан кейін ауыр дертке шалдығып, өздігінен жүре алмай қалған болатын. Алайда, өзінің ауыр жағдайда қалғанына қарамастан Бақдәулет тапқырлық танытып, достарының арқасында сүйіктісіне ерекше тосын сый жасай алды.

Әдеттегі серуенге шыққан кезінде ол жора-жолдастарының арасында Құралайға сезімін білдіріп, оған өзіне үйленуге ұсыныс жасаған. Ару көзіне жас ала ғашығына "иә" деген жауабын берді.

Әсерлі сәтттің үзінділерімен оқырман қауымымен бойжеткеннің өзі бөліскен. Көпшілік бір ауыздан жарымжан сүйіктісін қиындықта жалғыз қалдырмай, енді тіпті оның жары атануға келісімін берген аруға тәнті болды.

Желідегілер екі жасқа оң тілектерін жаудырып, Бақдәулеттің тезірек аяққа тұрып кетуін тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін жарымжан ғашығын қиындықта қалдырмай, оған барынша қолдау білдірген ару жайлы жазған болатынбыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
0
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel