RU
"Өте бойшаң президент": Астанаға Сербия басшысы келді (фото)
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Өте бойшаң президент": Астанаға Сербия басшысы келді (фото)

Рассказать Вконтакте

Сербия басшысы Александар Вучич Қазақстанға ресми сапармен келді. Бүгін таңертең Нұрсұлтан Назарбаев президентті өз резиденциясында қабылдады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Таңертеңнен бастап Ақорданың алдында қызыл кілемдер төселсе, резиденция алдында қазақстандық-сербиялық тулар тұрды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Сағат 11-де келетін Сербия басшысын күтіп алуға дайындық бірнеше сағат бұрын басталды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Ал қазақстандық және сербиялық министрлер ресми кездесудің басталуын холлда күтіп тұрды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Сағат 11:00-де Ақорда тыныштық сақтап, лифт есігінен Нұрсұлтан Назарбаев шықты.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Тәртіпке қатаң мән беретін Александр Вучич Aқорда есігіне жақындап, қызыл кілемде жүріп өтті. Осылайша, ресми кездесу басталды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Өткен жылы олардың кездесуінде Вучич ұлының дүниеге келуіне байланысты сапарын ерте аяқтаған еді. Хаттама-хаттамамен, ал отбасылық құндылық бәрінен жоғары тұрған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Араға бір жыл салып, мемлекет басшылары тағы да кездесті. Олар құшақ алысып, қолдарын қысты.

Дәстүрге сай хаттама бойынша Назарбаев пен Вучич бір-біріне министрлерді таныстырып, әнұранды тыңдап, кейін мәртебелі күзеттің қасынан өтіп, Ақорданың алтын сарайына беттеді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Кездесу залына кірген Нұрсұлтан Назарбаев Вучичтің бойы туралы сөз қозғады.

"Бізде жаңа кен орнын ашқан Ғылым академиясының президенті болған. Оның да бойы ұзын еді. Бірде ол батысқа барыпты. Сол кезде Лондон қаласында одан "Қазақтардың барлығы осындай бойшаң ба?" деп сұраған екен.
Сонда ғалымның "Менің халқым менен де ұзын" деген жауабы көптің есінде қалыпты", - деді Назарбаев Қаныш Сәтпаев пен Уинстон Черчиллдің кездесуін еске алып.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Назарбаев бұл әңгімені себепсіз айтқан жоқ. Өйткені, екі басшының бой айырмашылығын байқамау мүмкін емес еді.

Әсіресе, көшбасшылар күзеттің қасында тұрған сәтінде қатты аңғаруға болатын. Бұл қалжыңды түсінген Вучич шын жүректен күлді.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel