RU
Шри-Ланкада мешін кейуананы кокос жаңғағымен өлтірді
Жаңалықтар Калейдоскоп

Шри-Ланкада мешін кейуананы кокос жаңғағымен өлтірді

Рассказать Вконтакте

Шри-Ланка аралында мешін кейуананың үстіне кокос жаңғағын лақтырып өлтірді деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ejourney.ru

Көрнекі фото: ejourney.ru
Source: UGC

Оқиға Шри-Ланка астанасынан 150 шақырым жерде орналасқан Халангамува ауылында болған. 72 жастағы Рэнджани Кулэрейтна есік алдында отырған. Жануар үйдің жанында өсіп тұрған кокос пальмасына шығып, әйелге кокос жаңғағын лақтырып жіберген.

Жеміс кейуананың басына құлап, ол сол жерде көз жұмған.

Естеріңізге салсақ, 2009 жылдың мамырында кокос жинауға үйретілген мешін тайлық азаматты дәл осылай өлтірген болатын.

1984 жылы Питер Барсс кокос жаңғағының қауіпі жайлы ғылыми жұмыс жариялаған болатын. Оның келтірген мәліметтеріне сәйкес Папуа-Жаңа Гвинеяның тұрғындарының алған барлық жарақаттарының екі жарым пайызы осы кокостың себебінен болады екен.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel