Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлінің ел есінде қалған шулы оқиғалары қандай?

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі талай рет ел алдында шулы мәлімдемелер жасап, жұрттың қызу талқысына түскен еді. NUR.KZ назарларыңызға әншінің ел есінде қалған ең даулы оқиғаларын ұсынады.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: UGC

Былтырғы жылы Павлодарда концерт берген Төреғали, ондағы қарияны залдан қуып, айды аспанға бір-ақ шығарған еді. Кейін әнші ақсақалдан кешірім сұраған еді. Алайда. көпшілік әншінің аталған қылығын сынға алып, әншінің басы дауға қалған-ды.

Скриншот: YouTube
Скриншот: YouTube: UGC

Бұдан бөлек, Төреғали Төреәлі Шымкентте тілшілердің біріне сұхбат бермей, тіпті әкесі екеуі ашуға салынып, жекіп тастаған еді. Кейін белгілі болғандай, өңірдегі тілші әншіден тек көзілдірінін шешіп, камера алдында жөнді тұруын өтінген болып шықты. Көпшіліктің осы жолы сүйікті әншілерінен тағы да көңілі қалған еді.

Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz: UGC

Айта кетерлігі, эстрада жұлдызы журналистерге талай рет сұхбат беруден бас тартқан еді. Шымкенттегі шудан соң, ол Айқын газетінің тілшісіне де сұхбат беруден бас тартқан. Оқырмандар эстрада жұлдызының бұл қылығын "жұлдыз ауруына шалдыққан" деп сынаған-ды.

Фото: QazBrand.info
Фото: QazBrand.info: UGC

Сол сияқты, әнші күні кеше ғана "Эйр Астана" ұшағына билетсіз кіріп, тағы да сынның астында қалған еді. Кейін, оның ұшаққа жолаушы ретінде емес, әйелі мен балаларын шығарып салушы адам ретінде енгені анықталған.

Фото: baribar.kz
Фото: baribar.kz: UGC

Артынша әншіні ұшақ бортына кіргізген қызметкерлерге айыппұл салынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1756989-tregali-trelini-el-esinde-kalgan-suly-okigalary-kandaj/

pixel