RU
Алматы әуежайы Төреғалидің дауына қатысты шекарашылар мәлімдемесін жоққа шығарды
Жаңалықтар Қоғам

Алматы әуежайы Төреғалидің дауына қатысты шекарашылар мәлімдемесін жоққа шығарды

Рассказать Вконтакте

Алматы халықаралық әуежайы шекара қызметінің "жолаушыны билетсіз өткізуге VIP-агент өтініш жасады" деген мәлімдемесі шындыққа жанаспайтынын хабарлады деп жазады NUR.KZ.

Фото: Алматы Халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Фото: Алматы Халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

13 қыркүйектен 14-не қараған түні Алматыдағы әуежайда орын алған әнші Төреғали Төрәлінің оқиғасына қатысты "Халықаралық Алматы әуежайы" мынадай мәлімдеме жасады:

"Өткен апта соңында аталмыш оқиғаға қатысты жоспардан тыс тексеру жұмыстары аяқталды. Халықаралық Алматы әуежайындағы тексеру бөлімі, жолаушылар тасымалының VIP-агенттер қызметі ұшу залына билетіз азаматты өткізу туралы өтініш жасамаған. Оған әуежайдың бейнебақылау камераларындағы жазбалар дәлел бола алады. Осыған орай командир Жақсылықовтың "Время" басылымына 5 қазан күні берген мәлімдемесі шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

Халықаралық Алматы әуежайы оқиғада өз қызметкерлерінің қателік жібергенін жоққа шығармайды. Сондықтан бірнеше адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тиісті деңгейде айыппұл төлейтін болды.

Еске салсақ, "Эйр Астана" ұшағының VIP-залына билетсіз кірген Төреғали Төреәлінің басы дауға қалған болатын. Осыдан кейін Азаматтық авиация әншінің әрекетіне қатысты пікір білдірді.

Бұдан кейін Кеден қызметі де ұшаққа билетсіз өткен Төреғалиге қатысты пікірлерін айтып, өздерінің тарапынан қателік кеткенін мойындаған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel