Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Максим Галкин Аршавиннің бұрынғы әйелі үшін Пугачеваны тастамақ (видео)

Опубликовано:

Ресейлік жұлдызды жұп Максим Галкин мен Алла Пугачева ажырасатын болды. Ортақ екі балалары бар ерлі-зайыптылардың ортасына Аршавиннің бұрынғы әйелі түскен деп жазады vistanews.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: woman.ru, Коллаж: NUR.KZ.
Фото: woman.ru, Коллаж: NUR.KZ.: UGC

Басылымның мәлімдеуінше, көпшілікке үлгі болған Максим Галкин мен Алла Пугачеваның жұбы екі айырылды.

Жұлдызды отбасының шайқалуына танымал футболшы Аршавиннің бұрынғы әйелі себепкер болған.

Ресей примадоннасы сүйіктісінің Юлия Барановскаямен көзіне шөп салып жүргенін біліп қойған сыңайлы.

Алла Пугачева күйеуінің опасыздығы кесірінен одан барлық байлықты тартып алып, зәулім үйінен қуып шықпақ.

Оған қоса, желі қолданушылар Аршавиннің бұрынғы әйелінің Галкиннен жүкті болып қалғанын айтуда. Юлия Барановскаяның бірінші некеден үш баласы бар.

Көпшілік ресейлік шоу-бизнес жұлдызы Дмитрий Нагиевтың видеосын көре сала одан бетер шүйліккен. Аталмыш бейнежазбада Барановская Максим Галкиннің үстіне шығып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1757012-maksim-galkin-arsavinni-bryngy-jeli-sin-pugacevany-tastamak-video/

pixel