Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбедегі соққыға жығылған оқушы үшін мектеп директорының орынбасары жұмыстан шығарылды

Опубликовано:

Ақтөбе қаласында мектеп инспекторы оқушыны соққыға жыққаннан кейін №2 орта мектеп директорына сөгіс жарияланып, директордың орынбасары жұмыстан шығарылды деп хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

dnepr24.com.ua
Көрнекі фото:dnepr24.com.ua: UGC

Ақтөбе қаласының Білім беру бөлімінің орынбасары Гүлназ Мырзағалиеваның айтуынша № орта мектепте қызметтік тексеріс өткізіліп, директордың орынбасары Любовь Лобанова жұмыстан шығарылыпты. Қалалық білім беру бөлімі мектеп директоры Сәния Данишеваға сөгіс жариялаған деп мәлімдеді.

Оқушының суреттері мен болған оқиға жөніндегі ақпарат әлеуметтік желіде жариялаған. Жасөспірімнің анасы өз нұсқасын айтқан болатын.

Облыстың ІІБ-де жүргізілген қызметтік тексеріс нәтижелері бойынша кәмелетке толмаған балалар ісі жөніндегі инспектор С. Ермағамбетов ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, 22 қыркүйек күні 10 сынып оқушысы мектеп формасын киіп келмегені үшін полиция қызметкерінің күш қолданғаны жайында жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1757014-aktbedegi-sokkyga-zygylgan-okusy-sin-mektep-direktoryny-orynbasary-zmystan-sygaryldy/

pixel