Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сербия президенті: Біздің министрлер Астананы өз көзімен көру үшін арнайы келді

Опубликовано:

Сербия басшысы Александр Вучич Қазақстан елордасын ғажайыпқа теңеді. Ол өзімен басқа елдердегі іс-сапарларға көп адам алып келмейтінін айтты. Алайда, сербиялық министрлердің көбісі осы жолы Астананы өз көзімен көру үшін арнайы сұранып келген деп жазады NUR.KZ.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: UGC

Александр Вучич пен Нұрсұлтан Назарбаев ұзақ ресми кездесуден кейін ақпарат өкілдерінің алдына шыққан.

Ел басшылары екі мемлекеттің бір-бірін үнемі қолдап, серктестіктерін ары қарай жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

Назарбаев Сербия Қазақстан үшін ауыл шаруашылығы, өндіріс, энергетика және тағы да басқа салалар бойынша аса маңызды серіктес ретінде қарастыратынын алға тартты.

Вучич Қазақстан президентінің сөздеріне қосыла кетіп, өзімен іс-сапарға үлкен делегацияның келуі өте сирек жағдай екенін айтты.

"Мені үнемі таңғалдырудан шаршамайтын Астанада болу мен үшін бақыт. Орта Азия мұндай жылдамдықпен дамитын елорда жоқ шығар.
Мен Назарбаевтың арқасында осындай жетістіктерге жеткен Қазақстанға тәнтімін.
Бүгін менімен келген делегация шетелдік іс-сапарлаға жиі шықпайды. Алайда, осы жолы олар сіздің жасап шығарған ғажайып астанаңызды көру үшін арнайы келді. Бұған басқалардың көзқарасы қандай екенін білмеймін. Бірақ сіздің Астананы тұрғызғаныңыз ғажайыпқа теңеседі" , - деді Вучич.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1757020-serbia-prezidenti-bizdi-ministrler-astanany-z-kzimen-kru-sin-arnajy-keldi/

pixel