RU
"Төрештерді" төбеге шығардық: Белгілі журналист әншілерді көкке көтерген халыққа шүйлікті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Төрештерді" төбеге шығардық: Белгілі журналист әншілерді көкке көтерген халыққа шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Елімізге танымал қоғам қайраткері Арман Сқабылұлы әншілерді көкке көтерген халыққа шүйлікті. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: akzhol.kz, qasym.kz / Коллаж: NUR.KZ

Фото: akzhol.kz, qasym.kz / Коллаж: NUR.KZ
Source: UGC

Сқабылұлы "Төрештерді" төрге шығарып, оларды "төре" еткен де халықтың өзі екенін ашына айтты.

"Төрештерді" төбемізге шығарып, "төре" жасаған өзіміз. Уыс-уыс ақша беріп тойға шақырамыз, Онымен қоймай ұшақтың бизнес класына билет алып береміз. Бес жұлдызды қонақ үй дайындайтынымыз тағы бар. Осыдан кейін "төрештер" құтырмай қайтсін!
Былтыр осындай бір жұлдыз інімізді Шымкенттің ұшағында қалың жолаушының жарты сағат күтіп тұрғанына куә болғанмын. Әлдебір дөкейдің тойынан кешігіп келген әншіге жиналған жұрт ренжудің орнына, түк болмағандай онымен жарыса суретке түсіп жатты", - деп жазған ол Facebook парақшасында.

Журналист жақында "Эйр Астана" бортында болған шулы оқиғаға қатысты да пікірін айтқан.

Арман Сқабылұлының айтуынша, "жұлдыз" ауруына шалдыққандар өздерін бәрі "болады" деп ойлап, осындай әрекетке барады екен. Ел ағасы әншілерді жерге түсіру керек екенін де жасырмады.

Сіздің реакцияңыз
5
0
1
1
4
71
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel