RU
Ақтөбеде жоғалып кеткен мектеп директорының киімдері су бетінен табылды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде жоғалып кеткен мектеп директорының киімдері су бетінен табылды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде балық аулауға шығып жоғалып кеткен мектеп директорының жеке заттарын тапты. Олар мінген қайық пен жоғалған адамдардың киімдері су бетінде жатқан. Еріктілер мен туыстары өзен жағасын үмітпен торуылдап жүр деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірлік тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

31 жастағы мектеп директоры Бақтыгерей Тәжмағанбетов бір үйдің жалғыз ұлы екен.

"Әлі ешқандай хабар жоқ. Мына жерде учаскелік полицейден басқа басшы да жоқ. Кімнен не сұрарымызды білмей сенделіп жүрміз. Көлдің жағасында Қарақұдық пен көрші ауылдың адамдары ғана жүр. Күйеу балам үйден шыққанда алты адам болып балық аулауға барған. Кейін үшеуі басқа жаққа кеткен.
Фото:NUR.KZ

Фото:NUR.KZ

Бұлардың қастарында ауыл прокуроры болған. Ол қайыққа мінбей жағада қалып қойған. Олар суға 5-те түсіп кеткен. Екі сағаттан кейін ғана іздеу салған. Әлі табылмай жатыр", - дейді директордың қайын атасы.

Фото:NUR.KZ

Фото:NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
3
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel