RU
Ермегияевқа түрмеде неге ерекше жағдай жасалғаны белгілі болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ермегияевқа түрмеде неге ерекше жағдай жасалғаны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Астанада елордалық колонияның бұрынғы басшылары Нұрлан Әбен мен Талғат Мұсаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Олар түрмеде ЭКСПО-ның экс-басшысы Талғат Ермегияевқа ерекше жағдай жасады деп айыпталған. Сот отырысында жауап берген Нұрлан Әбен Ермегияевқа неге көп нәрсеге рұқсат берілгені туралы айтты деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: aptanews.kz

Фото: aptanews.kz
Source: UGC

Бұл іске қатысты куәгерлердің айтуынша, Ермегияевқа бөлшектеп өлшеу цехында ұйықтауға рұқсат берілген. Сол жерде ол өзіне тоңазытқыш, шәйнек, кір жуатын машина мен плита қолдану мүмкіндігіне ие болған екен.

Сондай-ақ, экс-шенеунік ғаламторға кіруге, екі жұбайымен кездесуге және "маңызды тұлғалармен" кез келген уақытта жолығуға мүмкіндік алыпты.

Ал сотта колонияның экс-басшысы Нұрлан Әбен Ермегияевқа мұндай жағдай неліктен жасалғанын айтты.

Оның сөзінше, Ермегияев колонияның өнеркәсібі аймағына жұмысқа тұрғысы келетінін айтыпты. Осылайша, ол бөлшектеп бөлу цехында жұмыс істеп жүрген екен.

Әбеннің сөзінше, ол сотталушының жұмыс істейтін орнына барып, тексеріп тұрған.

"БАҚ өкілдері айтып жатқандай, бес бөлме, алты бөлмелерді мен көрмедім. Ал дәретхана мен жуыну бөлмесін бөлме қатарына қосса, мүлде басқа мәселе. Иә, мен ары қарай бөлмеге кірдім. Ашсам, дәретхана, ашсам жуынуы бөлмесі. Кір жуу машинасын, су қайнататын құрылғыны көрдім.
Үшінші бөлмені аштым, ол жақта шайхана екен. Оның сол жағында тоңазытқыш, микрожылытқыш, шәйнек пен электрикалық плита, сондай-ақ, үстел көрдім. Мен артынан "Бұл не?" деп сұрадым. Ол барлығы Қылмыстық түзеу жүйесі комитетінің "Еңбек-Ақмола" арнайы кәсіпорнынан екенін айтты.

Экс-басшы осы уақытта оның қасында жиһаздардағы түгендемелік нөмірін көрген офицер болғанын айтты.

Ол "Еңбек-Ақмола" аймақтық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы Ерік Мұқановтан Ермегиявтың жағдай неге жасалғанын сұраған. Ал ол "Қорықпа, бәрі біздікі, бәр заңды түрде", - деп жауап берген екен.

Сол үшін Әбен ешқандай заңға қайшы әрекет істемегенін айтты. Мұның барлығы өндірістік аумақта болғандықтан, ол бұйрық беру құзіреттілігі жоқ екенін жеткізді.

Ал сотталушының неге түнде камераға бармай, осы орында ұйықтауына рұқсат берілді деген сұраққа экс-басшы Өңірлік мемлекеттік кәсіпорын өндіріске қажетті жұмыскерлерді алып қалу мүмкіндігіне ие екенін жеткізді. Бұл арнайы сұраныстармен де толтырылады екен.

Әбен Ермегияевтің заңды және азаматтық әйелдерімен жолығу мәселесіне қатысты да жауап берді. Ол бұл өтінішті Талғаттың өзі айтқанын, азамат санитарлық дүйсенбі күнінің бірінде ортақ баласы бар азаматтық әйелімен жолығуға рұқсат беруін сұраған екен.

"Мен мұндай өтінішке алғаш рет тап болдым. Сондықтан, кездесу бөлмесіне барып, қыздардан екінші әйелімен кездесуге мүмкіндік беруге бола ма деп сұрадым. Олар әлеуметтік байланыстарын үзбеу үшін оған рұқсат берілу керектігін айтты. Сондықтан, мен келістім", - деді Әбен.

Ермегияевтің балалары шетелге кетуіне байланысты оған өзінің заңды әйелімен жолығуға да рұқсат берілген.

Ал осындай әрекетке Ермегияевтің тұрғысынан қаржылай сыйлық болды деген сөзді экс-басшы бірден жоққа шығарды.

Сондай-ақ, Әбен "маңызды тұлғалар" мен телефондар туралы ештеңе білмегенін айтты. Ал өндірістік орында оларды тығатын орындар көп екенін де жеткізді.

Аталған материалды пайдалану мен көшіріп басу тек "Время баспасы" ЖШС рұқсатымен жүзеге асады!

Сіздің реакцияңыз
2
1
2
1
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel