RU
Семейде 18 жастағы бойжеткен тайыншадай қойды оп-оңай көтеріп алды
Жаңалықтар Қоғам

Семейде 18 жастағы бойжеткен тайыншадай қойды оп-оңай көтеріп алды

Рассказать Вконтакте

Семейде 18 жастағы Айым Нұржанова 40 келілік қойды әп-сәтте көтеріп, көпті таң қалдырды деп жазады ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Today.kz

Көрнекі фото: Today.kz

Айым Шәкәрім мемлекеттік университетінде "биотехнология" мамандығы бойынша 2 курста оқитын көрінеді. Ол сол күні құрбыларымен бірге "Семей Агро-2018" ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушылардың халықаралық жәрмеңкесіне келген екен.

Жәрмеңкеде ұйымдастырушылар қой көтеру жарысы болатынын айтып, оған тіркелуге шақырыпты. Ол сайыста бағын сынап көріп, анасы Салтанатқа сыйлық тартуды жөн көрген.

Бойжеткеннің айтуынша, оның отбасында 5 қыз бар екен. Қыркүйектің 27-сі күні анасы 25 жыл күткен ұл баланы дүниеге әкеп, жанұяда қуаныш болыпты. Айым сайыста жеңіп алған қойды, анасына қалжа ретінде сыйламақ болған екен.

18 жастағы бойжеткен қойды 111 рет көтерген екен. Бұған дейін ол мұндай сайысқа бірде бір рет қатысып көрмепті. Алайда 15 жасынан бастап жеңіл атлетикамен шұғылданған екен.

Байқауға жалпы 14 адам қатысқан. Төрешілер 22 минутта 40 келілік қойды 111 рет көтерген Айымға екінші орын беруді ұйғарыпты.

Айым бірден ата-анасына хабарласып, сайыста жеңіске жеткенін айтқан. Алғашында қызының денсаулығына алаңданаған ата-анасы, оны құттықтап, өз ризашылықтарын білдіріпті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel