RU
Ақтөбелік журналист ас мәзірі жоқ мектептерден шошыды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік журналист ас мәзірі жоқ мектептерден шошыды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде кейбір мектептерде ас мәзірі жоқ. Жаңа оқу жылы басталғалы мектеп асханалары ас мәзірінсіз жұмыс жасаған деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірлік тілшісі.

Фото:NUR.KZ

Фото:NUR.KZ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жанынан құрылған мониторинг тобымен мектептерді аралаған ақтөбелік журналист білім ордаларындағы жағдайдан шошыған.

"Мектеп оқушыларының тамақтану тәртібі, ас мәзірінің дұрыстығын қарау мақсатында агенттік жанындағы монитоинг тобы №70 мектепке барды. Сол күнгі асхана мәзірін сұрадық. Оны асхана қызметкерлері тауып бере алмады. Оқу жылы басталғаннан бастап ас мәзірі жасалмаған", - дейді мониторинг мүшесі Жаңалық Ахаш.

Мониторинг тобының мүшелерін келесі мектептен 70 жастағы ақтөбелік кәсіпкер таң қалдырған.

"Тап осылай №20 мектепке де бардық. Онда жағдай мүлде басқаша. Асхананы 70 жастағы кәсіпкер жүргізіп отыр екен. Ас мәзірі кеңес кезіндегі тәртіппен десе болады. Грамм, калория мөлшері бәрі сақталған. Ол кісі қалалық білім бөлімі бекіткен ас мәзіріндегі қатені бізге көрсетті. Риза болып қалдық. Балаға берілетін тағамға немқұрайлы қарамау керек. Бәрінің ашық болуына көз жеткізуге тиіспіз", - дейді Жаңалық Ахаш. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған мониторинг тобы тағы бірнеше мектептің асханасына баруды жоспарлап отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel