RU
Көк-Төбеде Қырымның Ресейге кіретінін білдіретін жазу Украинаға ұнамай қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Көк-Төбеде Қырымның Ресейге кіретінін білдіретін жазу Украинаға ұнамай қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Көк-Төбе саябағына қойылған төңкерілген үйде көлікке «Крым, RUS 82» нөмірі мен Ресейдің туы ілінген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото Facebook

Фото Facebook
Source: UGC

8 қазан күні Facebook қолданушысы Аян Шарипбаев өз парақшасында Қырымды Ресей өңіріне қосқан көліктің суретін жариялаған. Оған пікір білдіргендер арасында Украина елшілігі де бар.

Украинаның Қазақстандағы елшісі Көк-Төбенің әкімшілігіне хабарласып, Алматы төрінде Қырымның Ресей құрамында екенін білдіретін нөмірді ілу жөнсіз екенін айтқан.

Фото Facebook

Фото Facebook
Source: UGC

Дипломат Иван Кулеба өз хатында Қазақстан мен Украинаның 1994 жылғы 20 қаңтардан бастап Достық жіне әріптестік қарым-қатынас туралы келісімін негізге ала отырып, екі елдің өзара сенім мен сыйластықта болуы керек екенін жазған.

Сондай-ақ ол Қырым Автономды Республикасы Украина конституциясы бойынша оның ажырамас бөлігі саналатынын да мәлім еткен.

"Мемлекеттік нөмірді ауыстырғанда Украина облыстарының, оның ішінде Қырымға тиесілі АК/КК сериясы мен 01 кодын жазуды ұсынамын", - деп жазған Украина елшісі.
Фото Facebook

Фото Facebook
Source: UGC

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel