RU
Төрт ай вице-министр болған Дана Жүнісова жаңа қызметке тағайындалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Төрт ай вице-министр болған Дана Жүнісова жаңа қызметке тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Өткен жылы Ұлттық экономика вице-министрі болған Дана Жүнісова жаңа қызметке тағайындалды. Ол Елбасы жолдауын іске асыру мақсатында жаңадан құрылған Бірыңғай өнеркәсіптік даму орталығын басқаратын болады деп хабарланған ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтында.

Дана Жүнісова. Фото: atameken.kz

Дана Жүнісова. Фото: atameken.kz
Source: UGC

Президент өзінің биылғы жолдауында Үкіметке "қарапайым заттар экономикасын" дамытуға және экспортқа бағытталған индустрияландыруға бағытталған тиімді өнеркәсіптік саясатты іске асыру керектігін айтты.

Осыған сәйкес еліміздегі индустрияны дамыту, жергілікті қамту және технологиялық даму саласындағы үш ұлттық даму институтының функциялары "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ базасындағы Бірыңғай өнеркәсіптік даму орталығына біріктірілетін болды.

Ал бұл жауапты қызметті бұрынғы Ұлттық экономика вице-министрі Дана Жүнісоваға тапсырған.

Айта кетейік, жаңа лауазымды иеленген Жүнісова 2006 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде экономист мамандығын алған.

Сондай-ақ ол бірнеше абыройлы қызметті адал атқарып, ағымдағы жылдың сәуір айында Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған еді. Алайда қыркүйектен бастап ол қызметін босатып, Премьер-Министрдің кеңесшісі болып жұмысын жалғастырған.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel