RU
ІІМ подполковнигі 2 миллион теңге парамен ұсталды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

ІІМ подполковнигі 2 миллион теңге парамен ұсталды (видео)

Рассказать Вконтакте

Еліміздегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткен аптада Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті арнайы есепке алу бөлімшесінің басшысы парамен ұсталғанын мәлім етті. Ол дәмхана маңында тұрып, өз көлігінде екі миллион теңгені қолма-қол алмақшы болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: ngs42.ru

Көрнекі фото: ngs42.ru

Қылмыстық келісімнің жасалуына Ұлттық бюро қызметкерлері бөгет болды. Олар парақорды өз көлігінде құрықтаған.

Подполковник Ақтөбе облысындағы колонияда отырған қылмыскерді Ақмола облысына көшіріп беру үшін 6800 доллар сұрапты.

Ол делдал арқылы сұраған ақшаны бір бөлігі - 2800 долларды алып жатқан жерінен қолға түсті. Құрықтау барысында ол оқиға орнынан қашып кетуге, ақшаның бір бөлігін жасырып қоюға тырысқан екен.

Сіздің реакцияңыз
2
0
3
0
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel