RU
Әкелерінің жолын қуған шенеуніктің балалары туралы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

Әкелерінің жолын қуған шенеуніктің балалары туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Көпшілік шенеуніктерді экран сыртынан көргені болмаса, олардың отбасылық өмірі мен балалары жайлы ақпаратты біле бермейді. Бір қызығы, олардың арасында әке жолын қуып, билікте отырған шенділер де бар. NUR.KZ атқамінерлердің ізін басқан "шенеунік-балалар" жайлы топтаманы назарларыңызға ұсынады.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Көп жылдар бойы Ақмола және Қостанай облыстарын басқарған Сергей Кулагин 1952 жылы Ақмола облысы, Атбасар қаласында дүниеге келген. Оның ұлы Павел Кулагин болса, Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі қызметін атқарып отыр.

Фото: uvp.almaty.kz

Фото: uvp.almaty.kz

Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек те Президент кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбектің ұлы. Ол аталған қызметте 2016 жылдан бастап отыр.

Фото: egemen.kz

Фото: egemen.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаев да бүгінде саясатта жүр. Дариға Нұрсұлтанқызы Парламент Сенатының депутаты қызметін атқаруда.

Фото: Азаттық радиосы

Фото: Азаттық радиосы

Көп жылдар бойы ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған Нұртай Әбіқаевтың да ұлы әке жолын қууды жөн санаған. Сергей Нұртаев Қазақстанның Италиядағы өкілетті елшісі қызметін атқарып жүр.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Сенат депутаты Оралбай Әбдікәрімовтың да ұлы Сержан Әбдікәрімов те елшілік қызметті місе тұтқан. Ол Қазақстанның Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті қызметін атқарып жүр.

Фото: Сыртқы істер министрлігінің сайты

Фото: Сыртқы істер министрлігінің сайты

Қазақстан Республикасы Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божконың ұлы Максим Божко да саясат сахнасынан алыстаған емес. Бүгінде ол Ақмола облысы бойынша мәслихат депутаты қызметін атқаруда.

Фото: Weproject.kz

Фото: Weproject.kz

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
1
1
2
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel