RU
Алматыда жолдың қарсы бағытына шыққан жас жігіт қамауға алынды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жолдың қарсы бағытына шыққан жас жігіт қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

Алматы полициясы 20 жастағы Назар Ролланды қамауға алды. Ол жеті тәулігін әкімшілік жолмен қамауға алынғандарға арналған мекемеде өткізеді хабарлайды қалалық ІІД-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram
Source: UGC

Құзырлы органның мәліметінше, жас жігіт ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылған.

"Оның жүріс-тұрысынан айналасындағыларға шын мәнінде қауіп төнгені байқалды", - деп түсіндірді полициядан.

Іс материалдары сотқа жіберіліп, нәтижесінде ол жеті тәулікке қамауға алынған.

Айта кетейік, бұған дейін 20 жастағы Назар Роллан жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, жол ережесін бұзғанын, видеоға түсіріп, Instagram-да жариялаған еді.

Қалалық ІІД мәліметінше, өз әрекетін желіде мақтан еткен жігіт әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің төрт пунктін бұзған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel