RU
Қарағандыда әйел автобуста қалтасына түскен ұрыны өзі ұстап алды
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда әйел автобуста қалтасына түскен ұрыны өзі ұстап алды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда әйел автобуста әмиянын ұрлаған ер адам ұстап алды. Ұрыны байқап қалған тұрғын оған оқиға орнынан қашып кетуіне жол бермеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: news.ykt.ru

Көрнекі фото: news.ykt.ru
Source: UGC

Жәбірленушіге ұрыны ұстауға оның қырағылы көмектесіпті. Белгілі болғандай адам көп автобустың ішінде тұрған әйел, сөмкесіне өзге біреудің қол жүгірткенін сезеді. Тұрғыннын сезіктенгені бекер болмай, ол әмиянының жоғалып кеткенін байқайды.

Сөйтіп, қоғамдық көліктің ішінде бірден дабыл қағып, ұрыны өзі тауып алады. Ол өзін бірден күмәнді ұстаған 48 жастағы ер адам болып шықты.

Жолаушы әйел оқиға орнына бірден полицияны шақырып, күдіктіні солардың қолына тапсырған. Тексеріс барысында ер адамның бұған дейін бірнеше рет ұрлық және өзге де қылмыстары үшін сотты болғаны анықталды. Сонымен қатар одан дәлел ретінде жолаушы әйелдің әмияны алынған.

Күдіктіге ұрлық жасауға оқталды деген айып тағылып, қылмыстық іс Қазыбек аудандық №1 сотына жолданған.

Сотта ер адам жәбірленушіден кешірім сұрап, өз ісіне өкінетінін айтқан. Сонымен қатар ол істі медиациялық жолмен реттеуді сұраған. Нәтижесінде екі тарап медиация шарттарын қабыл алып, татуласқан. Ал аталмыш іске қатысты қылмыстық іс жабылды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel