RU
Астаналық той ұйымдастырушы жас жұбайларды тақырға отырғызған
Жаңалықтар Қоғам

Астаналық той ұйымдастырушы жас жұбайларды тақырға отырғызған

Рассказать Вконтакте

Астаналық той ұйымдастырушы шаңырақ көтеру қуанышын атап өтпекші болған жас жұбайларды оңдырмай алдап кеткен деп хабарлайды Астана қалалық сотына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Katiusapopovici.ro

Көрнекі фото: Katiusapopovici.ro

Іс материалдарына сүйенсек, өткен жылдың басында жастар қалалық ресторандардың бірінде той ұйымдастырып беретін агенттікпен келісімшартқа отырған.

Олар сол уақытта барлық келісілген соманың жартысын төлеп кеткен екен.

Алайда артынша ғашықтар алаяққа алданып қалғанын біліпті. Соның салдарынан той да өтпей қалған.

Жақында Алматы аудандық сот бұл іске қатысты мынадай шешімге келді: агенттік жәбірленушіге өз ақшасымен қатар моральді өтемақы төлеу қажет.

Сот ісін тергеу барысында алаяқ азаматтың бұрын да істі болғаны айтылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel