RU
Қазақ баласы жасөспірімдер Олимпиадасында алғашқы алтынды қоржынға салды
Жаңалықтар Спорт

Қазақ баласы жасөспірімдер Олимпиадасында алғашқы алтынды қоржынға салды

Рассказать Вконтакте

Отандық дзюдошы Бекарыс Сәдуақас Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында Қазақстан қанжығасына алғашқы алтын медальды салды деп хабарлайды Olympic.kz.

дзюдо

Бекарыс Сәдуақас. Фото: olympic.kz

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бекарыс грузин спортшысы Илиа Сулуманидзені қосымша уақытта жеңіп кетті.

"Көңіл-күйім жақсы. Олимпиада секілді дүбірлі додада жеңіске жеткеніме қуаныштымын.
Ақтық сында оңайға соқпады. Қарсыласым Сулуманидзенің күші басымырақ. Сол себепті аздап шаршадым. Кейін қосымша уақытта тағы екі минут күрестік. Грузин палуанын "ваззари" әдісімен жеңдім", - деді жеңімпаз Бекарыс Сәдуақас.

Айта кетерлігі, 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен Маргарита Гриценко шешуші кездесуде неміс дзюдошысы Рафаэлла Иглдан жеңіліп, күміс медальді місе тұтты. 

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel