RU
Польшада жыртқыш құсқа жем болған баланың сүйектері табылды
Жаңалықтар Әлемде

Польшада жыртқыш құсқа жем болған баланың сүйектері табылды

Рассказать Вконтакте

Польшадағы Малополь үстіртінде бірнеше жыл бұрын ежелгі баланың сүйектері табылғаны хабарланған болатын. Қазір бұл - аймақта табылған ең көне сүйектер екені ресми жарияланды деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

vesti.ru

Көрнекі фото: vesti.ru

Science in Poland басылымының хабарлауынша сарапшылар баланың қол сүйектерін, нақты айтқанда саусақтарын зерттеген.

Олардың ұзындығы бір сантиметрден аспайды. Саусақ сүйектерінде торлы сүзгішке ұқсас кеуекті бет анықталған.

Ягеллондық археология университетінің профессоры Павел Вальде Новак: "Бұл кеуекті бет сүйектердің жыртқыш құстың асқорыту жүйесінен өткенін көрсетеді", - дейді.
PAP/Jacek Bednarczyk

Көрнекі фото: PAP/Jacek Bednarczyk

Сүйектер нашар сақталғандықтан ғалымдар ДНҚ талдамасын жасай алмаған.

Дегенмен, олар құс балаға өзі шабуылдаған немесе оны өлі күйінде тауып жеген деген болжам жасады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
3
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel