Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Томирис" фильмінің актері протез аяқ салдыру үшін халықтан көмек сұрады

Опубликовано:

"Томирис" фильмінде сақ жауынгерінің рөлін ойнаған актер Дәурен Ахметов халықтан көмек сұрады. Отбасын асырап отырған азаматтың аяғына жаңа протез салдыру үшін 1 млн теңге қаражат керек деп хабарлайды Almaty TV.

Фото: Видеодан скриншот
Фото: Видеодан скриншот: UGC

Актер аяғын 10 жыл бұрын көлік апаты салдарынан жоғалтқан. Дәрігерлер қанша күш салғанымен, жігіттің аяғын сақтай алмапты.

Осылайша, аяғын кестірген Дәурен университетке "бухгалтер" мамандығы бойынша оқуға түскен. Алайда денсаулығындағы ақаулар оған кедергі жасамай қоймаған екен.

Алғашқы отадан соң болашақ актердің аяғында тесік пайда болып, гангренаға әкеліп соққан.

Осыдан кейін Ахметов дене мүшесін тағы да кестіруге мәжбүр болыпты.

Екінші отадан соң ол массаж жасаушының курсын оқып, сыртқа жұмыс істеп жүрген екен.

Актердің анасы да ауырады. Ұзақ уақыт бойы ол бүйрек ауруымен күресіп жүрген көрінеді.

Дәурен күндердің күнінде оның бүйрегі істен шыға ма деп қорыққандықтан, үйде қол қусырып отырғысы келмейді. Анасынан бөлек, Дәуреннің өзі қарайласатын інісі бар.

Енді толыққанды жұмыс істеп, өмір сүру үшін оған жаңа протез қажет. Ал қазіргі протезі ескіріп, ауырлық танытатын көрінеді.

Ал жаңа протезді алу үшін бір миллион теңгеден аса қаражат қажет екен.

Актердің мұндай жағдайы болмағандықтан, ол немқұрайлы қарамайтын халықтан көмек сұрайды. Өйткені, Дәурен бұл протезсіз өз отбасын асырау мүмкіндігінен де айырылады.

Көмек көрсеткісі келген кез келген адам актермен мына нөмірлер арқылы немесе әлеуметтік желіде байланыса алады.

Нөмір: +7 707 313 75 78

Kaspi gold: 5169 4901 8233 4432 MasterCard

ATF Card: 4052 5540 0809 5932 VISA

QIWI-әмиян: +7 707 313 75 78

Дереккөз: Almaty TV

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1757164-tomiris-filmini-akteri-protez-aak-saldyru-sin-halyktan-kmek-srady/

pixel