RU
"Мұсылман тышқаны": Нурмагомедовтің не үшін төбелескені белгілі болды
Жаңалықтар Спорт

"Мұсылман тышқаны": Нурмагомедовтің не үшін төбелескені белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Хабиб Нурмагомедовтің Конор Макгрегормен кездесуі аяқталған соң не үшін төбелескені белгілі болды. Залдағы көрерменнің айтуынша, джиу-джитсу шебері Диллон Данис ресейлікті "қарғыс атқыр мұсылман тышқаны" деп балағаттаған екен. Бұл туралы fightnews.info сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Vmma.ru

Фото: Vmma.ru

Осы уақытқа дейін Хабиб Нурмагомедовті ашуға булықтырған қандай сөз екені белгісіз болатын.

Жақында анықталғандай, Конор Макгрегордың серіктесі Диллон Данис Нурмагомедовті "қарғыс атқыр мұсылман тышқаны" деп келеке қылған екен. Бұл туралы джиу-джитсу шеберінің қасында отырған көрермен айтып берген.

Оның сөзінше, Диллон жекпе-жек бойы Нурмагомедовтің намысына тиюмен болған. Тіпті, екінші және үшінші раундтардың арасында Хабиб Даниске ашулы көзімен де қарапты. Бұл оның Диллон айтқан сөздерді естігенін аңғартса керек.

Фото: kp.ru/ Коллаж NUR.KZ

Фото: kp.ru/ Коллаж NUR.KZ

Куәгердің айтуынша, ислам туралы айтылған сөз оның шыдамын тауысқан. Бұл Хабибтің Даниске шабуыл жасауының басты себебі болыпты.

Алайда, Макргегордың жаттықтырушысы бұл ақпаратты растамайтынын айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
5
0
0
0
10
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel