RU
Алматыда қатты жер сілкінісі болады деген болжамға мамандар жауап берді
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда қатты жер сілкінісі болады деген болжамға мамандар жауап берді

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Төтенше жағдайлар департаменті биофизик Инюшиннің келесі жылы қатты жер сілкінісі болады деген болжамын теріске шығарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Gismeteo.kz

Көрнекі фото: Gismeteo.kz
Source: UGC

ТЖД мәліметіне сүйенсек, алты балдық жер сілкінісі ғимараттардың қирап, бұзылуына алып келмейді. Ол фондық деңгейдегі көрсеткіш екен. Алматыдан 80 шақырымдық радиуста жыл сайын тіпті, 200 баяу жер сілкінісі тіркелетін көрінеді.

Табиғи апат туралы болжамдар ұзақ мерзімге және орта мерзімге жасалып, жеті баллдан жоғарылаған кезде ғана ақпарат береді.

Алматыдағы ТЖД хабарлағандай, сейсмологиялық институт қалада жеті және одан да жоғары балдық жер сілкінісі күтілмейді деген қорытынды шығарған.

Сейсмология институтында 40 жыл жұмыс істеген академик Алла Садықованың айтуынша, Инюшин өз болжамында жер асты дүмпуінің нақты параметрлерін атамаған. Сондай-ақ, оның болжамдары ғылыми негізделмегендіктен, халықты қанша шулатқанымен, көбісі орындалмаған екен.

ТЖД қала тұрғындарын дүрбелең тудырмай, тек құзіретті органдар таратқан мәліметке ғана сенуге шақырады.

Айта кетейік, Қазақстандағы Халықаралық биофизика академиясының президенті Виктор Инюшин 2019 жылы Алматыда алты балдық жер сілкінісі болуы мүмкін деген болжам айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel