RU
Қарағанды облысында 33 жастағы әйел өз үйінен өлі табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қарағанды облысында 33 жастағы әйел өз үйінен өлі табылды

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы маңындағы Шахан ауылында 33 жастағы әйелдің денесі өз үйінен табылды. Келіншектің өліміне күйеуі кінәлі болуы мүмкін деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: xeberaz.az

Фото: xeberaz.az
Source: UGC

Әйелдің денесінен азаптап өлтіру белгілері анықталған. Мәйіт 3 қазан күні табылыпты.

Полицейлер жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша келіншектің өліміне оның 40 жастағы күйеуін күдікті деп тапқан.

Ұсталған азамат ұрыс уақытында әйеліне пышақ сұққанын, артынша қашып кеткенін айтты.

Дәл осы облыста 8 қазан күні 52 жастағы басы жарылған азаматтың денесі өз үйінен табылған.

Бұл қылмыстық істе марқұмның 47 жастағы танысы күдіктілер қатарын болды. Ол полицейлерге досымен бірге ішкенін, артынша арада ұрыс болып, оның басын кірпішпен ұрып жібергенін айтты.

Қазір екі күдікті де уақытша изоляторда отыр. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel