RU
Назарбаев: Мемлекеттер арасында алынбайтын қамалдар пайда болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев: Мемлекеттер арасында алынбайтын қамалдар пайда болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті әлемдік аренада орын алып жатқан кей елдер арасынағы мәселелер туралы айтты деп жазады NUR.KZ.

Назарбаев: Мемлекеттер арасында алынбайтын қамалдар пайда болды

Назарбаев: Мемлекеттер арасында алынбайтын қамалдар пайда болды

"Біз 18 жылдан бері үшінші мыңжылдықта өмір сүріп келеміз. Бірақ бейбітшілік пен молшылық адамзаттың негізгі даму үрдісі болмай тұр. Әлемдік қауымдастық сенімсіздіктен туындаған зұлымдықтан құтыла алмадық", - деді елбасы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI Съезінде.

Сондай-ақ, президент жағдайдың түзелмек түгілі, ушығып бара жатқанын да айтып өтті.

"Мемлекеттер мен геосаяси одақтар арасында жаңа кедергілер, алынбайтын қамалдар пайда болуда. Бірақ ең қауіптісі - адамдардың жүрегі мен ақылында бірін-бірі жат көру басым болып барады. Көбісі бірлесіп дамудың орнына бәсекелестікке сылтау іздеп тұрады", - дейді ол.

Назарбаевтың пікірінше, бұл үдеріс адамзатқа пайда алып келмейді.

"Турасын айтқанда, бұл - қате әрі тығырыққа тірейтін жол. Сондықтан барлығымыздың міндетіміз - даму жолына қайта түсуге күш жұмылдыру керек", - деп сөзін түйіндеді президент.
Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel