RU
Джакартада шолақ шалбар киген жолаушы ұшаққа өте алмай қор болды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Джакартада шолақ шалбар киген жолаушы ұшаққа өте алмай қор болды

Рассказать Вконтакте

Джакартадағы әуежайда Saudi Arabian Airlines әуе компаниясы шолақ шалбар киіп алған жолаушыны ұшаққа кіргізбей қойған. Бұл туралы Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

КӨрнекі фото: yandex.com

КӨрнекі фото: yandex.com

Жеке кәсіпкер Йордан Бишоптың айтуынша, ол ұшаққа отыру үшін құжатын тапсырғанда ондағы тексеруші қызметкер өзіне сенімсіз қарап, менеджер шақырып келген.

Ал екінші қызметкер жолаушының шолақ шалбармен ұшаққа өте алмайтынын айтып, киімін ауыстырып алуын өтінген.

Алайда Джакартадағы ауа температурасы 32 градус болғандықтан, азамат басқа киім алып шықпаған. Ол компания қызметкерлерімен қанша сөйлессе де, өзінің дұрыстығын дәлелдей алмапты.

Нәитжесінде Бишоп әуежайдағы дүкендердің бірінен саронг (белдемше сияқты аяқтарын орап алаты мата) сатып алуға мәжбүр болған. Тек содан кейін ғана ол ұшаққа жіберіліпті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel