RU
Дәрігерлер диабеттен дәрісіз арылудың құпиясын ашты
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Дәрігерлер диабеттен дәрісіз арылудың құпиясын ашты

Рассказать Вконтакте

Канадалық дәрігерлер ашығу арқылы диабеттің екінші типінен арылып, инсулин жүйесінің жұмысын қалпына келтіруге болатынын айтты деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

brl.mk.ru

Көрнекі фото:brl.mk.ru
Source: UGC

Торонто университетінің қызметкері Сулейман Фурмли, дәрігерлердің ашығуды диабетті емдеуде шындап пайдалануға тырыспағанын айтады.

Алайда тәжірибе ашығу - инсулин мен дәрілерден арылуға көмектесетін емдік шара екенін көрсеткен.

Ғалымдардың тәжірибесіне 40 пен 70 жас аралығындағы екінші типтегі диабеттің күрделі түріне шалдыққан үш ер адам қатысқан. Олардың үшеуі де ара-тұра ашығып отырған. Екі ер адам күн ара ашықса, үшінші ер үш тәуліктен 10 ай бойы ашығып отырған.

Нәтижесінде бір айдан кейін науқастар инсулин мен диабет дәрілерін қабылдауын тоқтатып, қандарындағы инсулин мен глюкоза деңгейі қалыпты деңгейге жеткенін байқайды.

Алайда дәрігерлер мұндай әдістің барық жағдайда көмектесетінін дәлелденбегенін еске салды.

Айта кетейік, дүниежүзінде қант диабетімен 347 миллион адам ауырады. Әрбір он науқастың тоғызы екінші типтегі қант диабетіне шалдыққан.

Қант диабетімен ауыратын адамдардың 80 пайызы төмен және орташа табыс деңгейі бар елдерде тұрады. 2030 жылы диабет Жер бетіндегі әрбір 7-ші өлімге себеп болады деп болжануда.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel