RU
Назарбаев: Шығыс Украина мәселесін шешу үшін әрдайым жұмыс істейміз
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев: Шығыс Украина мәселесін шешу үшін әрдайым жұмыс істейміз

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Украинаның түйткілді мәселелерін шешу жолында әрдайым жұмыс істейтінін айтты. Бұл туралы ол Астанада өткен VI әлемдік және дәстүрлі діндер съезінде мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Source: UGC

Жиында мемлекет басшысы арандатушылыққа бой алдыратын әскери блоктарды өткенге тастау қажеттігін жеткізді.

Ол бүкіләлемдік әскерге қарсы шаралар туралы көзқарасын "Әлем. XXI ғасыр" үндеухатында жазғанын айтты.

"Бәріміз білетіндей, біз сириялық қақтығыстардың тоқтауына өз үлесімізді қосып жатырмыз. Соның ішінде, келіссөздер жүргізетін алаңдар ұсынудамыз. Біз үнемі Шығыс Украинаның мәселесін шешу үшін жұмыс істейміз. Ресей мен Түркия қақтығысында да қарым-қатынасты түзеу үшін атсалыстық", - дейді елбасы.

Мемлекет басшысы Қазақстан дінге және ғаламдық қауіпсіздікке қатысты сұрақтарды шешуге атсалысатынын айтты.

"Аталған істерді бірігіп атқару үшін мен конфессияаралық диалог құруды ұсынамын. Біз әділеттілік пен тәртібі бар, халықаралық құқыққа байланысты құрылған қауіпсіз әлемге бірге қадам жасауымыз керек", - деді Назарбаев.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel