RU

Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі тағайындалды

Жээнбек Кулубаев
Фото: knews.kg: UGC

Жээнбек Кулубаев Қырғызстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы қырғыз президентінің ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков тиісті жарлыққа қол қойған.

"Кулубаев Жээнбек Молдоканович Қырғызстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалсын", - деген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Жээнбек Кулубаев Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің Африка мен Азиядағы департаментінің директоры қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1757240-kyrgyzstanny-kazakstandagy-elsisi-tagajyndaldy.html