RU
"Әр мәлімет маңызды": Әли Оқапов Денис Теннің өліміне куәгер адамдарды іздеуде (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Әр мәлімет маңызды": Әли Оқапов Денис Теннің өліміне куәгер адамдарды іздеуде (фото)

Рассказать Вконтакте

Әнші Әли Оқапов досы Денис Теннің өліміне куә болған Алматы тұрғындарын әлі іздестіру үстінде деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші желідегі парақшасында жазба қалдырып, 19 шілде күні болған оқыс оқиғаға куәгер жандардың істі толық ашуда маңызды рөл атқаратынын ашып айтты.

"19.07.2018 жылы кімнің көлігі Құрманғазы-Байсейітова көшелерінің қиылысында 14:50 шамасында тұрақта тұрды? Өтінемін, хабар беріңіздер. Бұл қылмысты ашуда әр мәлімет маңызды. Көлік тіркеуіштеріңіздегі жазбаны қайта қарап шығыңыздаршы. Үлкен өтініш", - деді Оқапов.

Айта кетейік, 19 шілдеде Денис Тен көлігінің айнасын қолды еткен ұрларды қуамын деп, пышақ жарақатын алған болатын.

Спортшы ауруханаға жетікізілгенімен көп қан жоғалтқан Денистің өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады. 21 шілде күні Денис Тен жер қойнына тапсырылды.

Көп ұзамай марқұмның өліміне күдікті екі жігіт Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов қолға түсті. Кейін күдікті ретінде тағы бір адамның ұсталғаны хабарланды. Ол Жанар Толыбаева есімді бойжеткен болып шықты.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
3
0
2
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel