RU
Қолға үйретілген алып питон қожайынын буындырып өлтірді
Жаңалықтар Әлемде

Қолға үйретілген алып питон қожайынын буындырып өлтірді

Рассказать Вконтакте

Ганада қолға үйретілген питон өз қожайынын буындырып өлтірді деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Depositphotos / hdamke

Көрнекі фото:Depositphotos/hdamke
Source: UGC

Басылымның мәліметінше, усыз жыланның қожайыны мен досы мотоциклмен жолдастарының сәбиіне есім қою салтанатына бара жатқан екен.

Ер адам жыланды мойнына отырғызып алған. Жолда олар басқа көлікпен соқтығысып, салдарынан үркіп кеткен питон кенеттен қожайынын буындыра бастапты.

Оқиға куәгерлері ер адамға көмектесуге тырысқанымен талпыныстары сәтсіз ақталған. Жыланды таяқтың көмегімен қожайыны өлгеннен кейін ғана босатып алған.

Ең қызығы марқұм ер адам питонын "сиқырлы" деп есептеп, оның көмегімен дуалар жасаған.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel