RU
Кенияда жантүршігерлік жол апатынан 50 адам көз жұмды
Жаңалықтар Әлемде

Кенияда жантүршігерлік жол апатынан 50 адам көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Кенияда орын алған жантүршігерлік жол апатында 50-ден астам адам көз жұмды. Оның ішінде әлі бес жасқа да толмаған 8 бала бар деп хабарлайды Oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: oxu.az

Фото: oxu.az
Source: UGC

Жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең Керичо маңайында болған. Куәгерлердің айтуынша, автобус жүргізушісі шұғыл бұрылыстан кейін шыққан биік тас жолға көтеріле алмай қалған.

Нәтижесінде қоршауды бұзып өтіп, аударылып кеткен.

Жәбірленушілердің нақты саны әлі белгісіз. Олардың барлығы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, автобуста 70 жолаушыдай отырған болуы мүмкін.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel