RU
Президент келетінін естіген ақтөбеліктер қызу дайындалып жатыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Президент келетінін естіген ақтөбеліктер қызу дайындалып жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеге мемлекет басшысының келетінін естіген шенеуніктер қызу дайындықты бастап кетті. Өңірде "президент келеді" деген ақпарат бір ай бұрын тарап кеткен. Қазіргі уақытта Ақтөбеде құрылысы бітіп, ашылуын күтіп тұрған бірнеше әлеуметтік орталық бар деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Құрылыс алаңы

Құрылыс алаңы

NUR.KZ Ақтөбеге барғанда елбасы аралауы мүмкін деген нысандарды тізіп көрді. Сонымен, ақтөбеліктер президентті қандай жобаларымен таңғалдыра алады?

Мұз сарайы

Мұз сарайы

Мұз сарайы

Құрылыс бұқаралық спортты дамытуға міндеттеген елбасы тапсырмасымен салынған. Онда 900-ге жуық бала жаттыға алады. Аренаға 2500-ден аса көрермен сыяды. Жаңа мұз сарайы словакиялық "H+H TECHNIKА" инвесторларының мемлекеттік-жеке серіктестік аясында салынған.

"Теннис" орталығы

Фото: Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі

Мұнда 500-ден аса адам жаттыға алады. Жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылған. Спорт кешені төртеуі жабық, төртеуі ашық, барлығы сегіз корттан тұратын болады.

"Астана саябағы"

"Астана саябағы"

"Астана саябағы"

Бұл қазіргі уақытта қалада құрылысы қызу жүргізіліп жатқан нысан. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі саябақтың қазан айының соңында ашылатынын айтады. Демалыс орнын "Мерей Building Group" мердігер компаниясы салып жатыр.

Мектеп

Фото: Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл ақтөбеліктер елде жоқ ерекше мектепті қолданысқа береді. Білім ордасы жыл бойы жұмыс істейтін болады. Онда республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздары оқытылмақ. Зерек оқушыларға білім беру үшін ең үздік мағалімдер шақыртылады деп күтілуде. Сондай-ақ, бұл мектепте жұмыс істейтін ұстаздардың жалақысы өзгелермен салыстырғанда 15-20 пайызға артық болады деп жоспарланған. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев ұстаздар күнінде жаңа мектептің бір аптадан кейін ашылатынын айтты.

"Аяла" балаларға арналған оналту орталығы

Фото: Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі

Онда аутизмге шалдыққан балаларды емдеу және қатерлі ісік ауруына шалдыққан балаларға паллиативтік көмек көрсететін бөлімше болады.

Мұражай

Фото: Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтөбеде апаттық жағдайда тұрған тарихи-өлкетану мұражайына жаңа ғимарат салынды. Жаңа орталық та ерекше жобалардың бірі. Мұражайды салуға 635 млн теңге жұмсалса, оның жартысын отандық ірі компания бөлген. Қалғаны облыстық қазынадан қарастырылған. Мәдени нысанды салуға 2 бірдей құрылыс компаниясы тартылған. Музейіндегі жәдігерлерді жылына 85 мың адам тамашалайды екен.

"Анаға тағзым" орталығы

"Анаға тағзым" орталығы

"Анаға тағзым" орталығы

Еліміздің батыр аналары ашқан Ақтөбедегі теңдесіз орталық та Президентке көрсетуге болатын ерекше жоба. Әлеуметтік нысан мұражайында елбасының анасымен түскен суреті қойылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel