RU
Ұлын мектепке Ferrari-мен әкелген мақтаншақ әкенің басы дауға қалды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ұлын мектепке Ferrari-мен әкелген мақтаншақ әкенің басы дауға қалды

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Чжэцзян провинциясында ұлын мектепке Ferrari көлігімен әкелген азамат ата-аналар тарапынан қатаң сынға ұшырады деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: drive.ru

Көрнекі фото: drive.ru
Source: UGC

Алдымен мектеп мұғалімі оқушының әкесіне ата-аналардың оның қылығына наразылық білдіретінін хабарлаған.

Ұстаз мұндай нәрсе оқушылар арасындағы қарым-қатынасқа теріс ықпал ететінін жеткізіп, ер адамға басқа көлік алуға кеңес берген.

Алайда Ferrari иесі бұл ұсыныстан бас тартқан. Бұл көлікті алу үшін ұзақ еңбектенгенін айтқан азамат, ұлына ең үздік нәрсені бергісі келетінін жеткізген.

Оқушының әкесі арзан көлік пайдаланудан бас тартқаннан кейін өзге ата-аналар мақтаншақ әкені қатты сынға алып, WeChat қосымшасындағы ортақ топтан шығарып тастаған.

Ер адамның жылдық табысы төрт миллион юаннан асады екен.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel