RU
"Бағдад аруын" атып өлтіргендер видеоға түсіп қалған (видео)
Жаңалықтар Әлемде

"Бағдад аруын" атып өлтіргендер видеоға түсіп қалған (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде "Бағдад аруы" Тара Фаресті өлтірген сәттің видеосы таралуда деп хабарлайды РИА Новости сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ypravo.com

Көрнекі фото: ypravo.com
Source: UGC

Көшедегі камераның кадрларынан белгісіз ер адамның Фарес жүргізіп келе жатқан көліктің терезесіне оқ атқаны көрінеді.

Оқ атқаннан кейін ер адам мотоциклмен күтіп тұрған сыбайласымен бірге оқиға орнынан кетіп қалады.

Қыздың көлігі болса басқа көлікпен соқтықпағанша жүріп кете берген.

Естеріңізге сала кетсек, 30 жастағы модель өз көлігінде 27 қыркүйекте атып өлтірілген болатын. Екі оқ басына тисе, бір оқ кеудесіне кірген.

Тара Фарес Ирактағы Эрбиль қаласында өмір сүріпті. Ол танымал брендтерді таныстыратын модел болатын. Оның әлеуметтік желідегі суреттері ирак қоғамында қызу талқыланған.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel