RU
Бұрынғы бас прокурор Ермегияев ісі бойынша сотта куәлік етті
Жаңалықтар Қоғам

Бұрынғы бас прокурор Ермегияев ісі бойынша сотта куәлік етті

Рассказать Вконтакте

"Астана ЭКСПО" Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевке түрмеде барынша қолайлы жағдай жасады деп айыпталғандар сотында Асхат Дауылбаев куәгерлік етті. Бұрынғы бас прокурор, қазіргі Конституциялық кеңес мүшесі ескі досымен кездесуге барса да, құзіретін ешқашан пайдаланбағанын мәлім етті деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Асхат Дауылбаев. Фото: Uralskweek.kz

Асхат Дауылбаев. Фото: Uralskweek.kz

Аталмыш іске қатысты Асхат Дауылбаев өткен жылдың соңында тергелген болатын. Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, Ермегияев бұрынғы бас прокурормен 20 жылдай достық қарым-қатынаста болған.

Дауылбаев түзету мекемесінде отырған айыпталушыға барған. Ол сотқа берген түсіндірмесінде кездесуді бір танысы ұйымдастырғанын айтты.

"ЕЦ-166/10 мекемесіндегі Ермегияевпен кездесуді менің Нуритдин деген танысым ұйымдастырып берді", - деген Дауылбаев, оның қалай жүзеге асырылғанын білмейтінін жеткізді.

Екі достың кездесуі екі сағатқа созылыпты. Олар жай ғана әңгімелестік дейді.

Оған қоса, сотталушы Дауылбаевты туған күнімен құттықтап қоңырау шалғаны да белгілі болды.

Тергеушілер Конституциялық кеңес мүшесіне түзеу мекемесінің басшылығын парақорлыққа итермелеп, өзінің жоғары лауазымын пайдаланбады ма деген сұрақ қойды. Ал Дауылбаев болса, еш жерде өз қызметін айтпайтынын мәлім етті.

Айта кетейік, бас қалада "Астана ЭКСПО" Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Ермегияевке түрмеде барынша қолайлы жағдай жасады деп айыпталған түзеу мекемесінің бастығы мен орынбасарына қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel