RU
Шымкенттік азамат "тыр жалаңаш" билетіп қоятын асабаларды сынға алды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік азамат "тыр жалаңаш" билетіп қоятын асабаларды сынға алды

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік жұртшылығына есімі мәлім кәсіпкер, бірнеше жыл құқық қорғау саласында қызмет еткен Полатбек Жоланов есімді азамат редакциямызға хат жолдап, қазақ тойларының қадірі кетіп жатқанына күйініш білдірді. Қоғам белсендісінің сөздерінше, дөрекі қылық танытып, тойдың шырқын бұзатын асабаларды жазаға тарту керек деп жазады NUR.KZ.

Шымкенттік азамат "тыр жалаңаш" билетіп қоятын асабаларды сынға алды

Полатбек Жоланов. Фото: facebook

"Бірнеше мың жылдар жинап келген қадір қасиеттеріміз жоғалып бара жатыр. Атап айтқанда, қазіргі кезде өтіп жатқан Қазакстандағы тойларда тамадалардың көбісі сауатсыз, біліктілігі төмен.

Олар дөрекі қасиеттерімен, үлкен-кішіні сыйламай, әр түрлі шеттен шыққан бұзақы ойын ұйымдастырады. Бұл: тыр жаңалаш билетіп, көпшілік ортасында көргенсіздік, тәрбиесіздік танытып жүр.

Ол аздай, мұндай жағдайды әлеуметтік желілерге жүктеп, тойдың берекесін ұшырады.

Сол себепті, менің ойым бассыздыққа жол беретін асабаларды арнайы органдар жауапқа тарту керек. Себебі, қазақтың намысын жерге таптап жатыр.

Біз қашанға үндемей отырамыз? Тоқтатанын уақыт келді. Солардың артық қылықтарынан қазіргі кезде тойға баруға ұяласың", - деп ашынады Полатбек мырза.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
1
0
1
1
41
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel