RU
"Өлсем де билемеймін": Отандық әншінің су жаңа клипі желіні жарды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Өлсем де билемеймін": Отандық әншінің су жаңа клипі желіні жарды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық әнші әрі актер Әсет Есжан өзгеше бағытта жазылған жаңа әніне түсірілген ерекше бейнебаянын көрсетті. Күні кеше тұсауы кесілген "Алғашқы сезім" атты клип көпшіліктің көңілінен шығып, тыңдарман қауымның оң бағасын алып үлгерген деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұған дейін репертуары лирикалық әндермен толы болған Әсет бұл жолы ойнақы ритмдегі туындысымен көпті таңғалдырды.

Бір тыңдағаннан қайырмасы еріксіз жатталып қалатын әннің клипін әнші ұстаздар күніне арнайы шығарыпты.

Аталмыш бейнебаянда мұғаліміне ғашық болған мектеп оқушысының басынан өткен қызықты оқиғалары көрсетіледі.

Айта кетерлігі, "өлсем де билемеймін" деген Әсет Есжан клипке өзінің "тонкий биін" қосуға үзілді-кесілді қарсы болған екен. Десе де ол амалсыз билеуге мәжбүр болған секілді.

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
3
0
0
5
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel