Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда 16 жастағы студентті үйдің ауласында пышақтап кеткен

Опубликовано:

Үйдің ауласында болған қақтығыстың соңы пышақтасуға ұласып, нәтижесінде колледжде оқитын 16 жастағы жігіт ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қарағандыда 16 жастағы студент пышақ жарақатымен ауруханаға түсті
Көрнекі фото: ArnaPress.kz: UGC

Оқиға Қарағанды қаласының 15-ші ықшамауданында орын алды.

Жас жігіт өзімен сөзге келіп қалған студентке пышақ сұғып алған.

"16 жастағы жәбірленушінің ішкі қуысы мен арқа сүйектерінде пышақ жарақаты бар. Оны жедел жәрдеммен жеткізді. Балаға ота жасалды. Операция сәтті өтті. Өз жасына байланысты, ол балалардың клиникалық ауруханасына ауыстырылады", - деді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1757349-karagandyda-16-zastagy-studentti-jdi-aulasynda-pysaktap-ketken/

pixel