Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

11 қазанда ғаламтор өшеді: Желі қолданушыларын не күтіп тұр?

Опубликовано:

Ақпараттық технология саласындағы маман ғаламтордың әлемдік тежелісі болған күні желі қолданушыларын не күтіп тұрғанын айтты. Бұл іркіліс домен атауларын қорғау жүйесінің криптографиялық кілттерін ауыстыру үшін бүгін, яғни, 11 қазан күні болуы мүмкін деп хабарлайды iReactor сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ICANN кілттерді 11 қазан күні ауыстырмақ. Бұл тарихтағы алғашқы кілт ауысу болғандықтан, 2-3 күнге жалғасуы мүмкін.

IT-сарапшы Антон Меркулов ғаламтордағы ірі тежелістерді күтудің қажеті жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, бүгінгі күні ғаламторды бір нүктеден өшіре алмайды.

"Ғаламтор солай құрылған. Егер қандай да бір тежеліс болса, парпақшаны қайта жаңартасыз, ол жұмысын жалғастырып кетеді",- деді ол.

Сондай-ақ, сарапшы желі қолданушылары бұл жағдайды байқамай қалуы да мүмкін екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1757370-11-kazanda-galamtor-sedi-zeli-koldanusylaryn-ne-ktip-tr/

pixel